«Тассай» индустриалды аймағындағы отандық өнімдер импортты алмастырады
- Категории: Новости
- Дата: 29 ноября 2023
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағын аралау барысында «Эко фарм», «Alem Luxury» және «Mega Smart» кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты.
«Эко фарм» ЖШС компаниясының негізгі бағыты – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, фармацевтикалық қызметтер. Бұл аймақта өткен жылы ашылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны 1,925 млрд теңгені құрап, 40 жұмыс орны қамтылған. Кәсіпорындағы «Ecotex» тігін өндірісі медициналық арнайы киімдерді шығарады.
«Alem Luxury» ЖШС кәсіпорны аталған аймақта биыл іске қосылды. Жиһаз өндіретін кәсіпорынның инвестиция көлемі – 500 млн теңге, 30 жұмыс орны құрылған. Өнімдер жоғары сапалы материалдардан жасалады. Жылына 5 000 өнім шығаруға қауқары бар.
«Mega Smart» ЖШС кәсіпорны 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Инвестиция көлемі 545 млн теңгені құрайды. Жылтыр МДФ плиталары мен жиһаз шығаратын зауытта 50 жұмыс орны қамтылған. Өнімдері елімізде баламасы жоқ, Оңтүстік Кореяның технологиясы қолданылады. Сонымен қатар, мұнда жиһаз өндіретін цех салынды. Цехтың жобалық қуаты жылына 5000-нан асады. Бұл Оңтүстік Кореядан импортталатын тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Яғни, жылтыр плиталардың ішкі нарықта айналым көрсеткіші 90 пайызға жетті. Бүгінде көрші елдерге экспорттау жоспарланып отыр.
Кәсіпорындардың жай-күйімен танысқан қала басшысы отандық компанияларға мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді. Осы орайда жауаптыларға «Эко фарм» компаниясын тігіншілермен қамтамасыз ету мақсатында № 5 тігін училищесінің студенттерін тарту бойынша тапсырма берді.