- 39-32-71
- kanc.spk@gmail.com
- Дсн-Жм: 09:00-19:00 3D ТУРЫ
Халқының саны миллионнан асатын Шымкент қаласы, Қазақстанның Республикалық маңызы бар үш ірі қаласының бірі, оны қоршаған облыстың құрамына кірмейтін жеке әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылады.
Шымкентке келген туристің тізіміндегі пункттердің бірі, дендропарк болуы тиіс. 1979 жылы бұрынғы қалалық полигонның орнында құрылған, табиғаттың жаңартылған және жаңғыртылған бұрышы бүгінде қала тұрғындары арасында таза ауада, сәнді фотосессиялар мен жас жұбайлардың серуендейтін танымал орын болып табылады.
Билік өкілдері қалада туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлетіні түсінікті және бұл үшін барлық алғышарттар бар: бұл жылына 300 шуақты күн, табиғи – климаттық аймақтардың сан алуандығы, Ұлы Жібек жолы бағытында ірі тарихи қалаларға (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т. б.) жақын орналасуы, сондай-ақ туризмнің дамуына мол мүмкіндік туғызуы да маңызды. Солардың бірі, ескі қала кешені – Цитадель - көне қалашық, зәкірлі туристік нысан, қала бренді ретінде таңдалған.