Индустриялық аймақтар

Қолданыстағы инвестициялық алаңдар

ИА «ОҢТҮСТІК»

2010 жылы Шымкент қаласында жалпы ауданы 337 га болатын "Оңтүстік" индустриялық аймағы құрылды. "Оңтүстік" индустриялық аймағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жалпы саны 93, жобалардың жалпы құны 89,2 млрд.теңгені құрайды , 5 000-нан астам жұмыс орнынмен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта 72 жоба іске асырылды жалпы құны 62 млрд. теңгеңі құрайды және 4800 жұмыс орны қамтамасыз етілді.

2021 жылы жалпы құны 24,4 млрд.теңгеге, 306 жұмыс орнынмен қамтамасыз ететін 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда "Оңтүстік" индустриялық аймағы 100% - ға толтырылған.

  • 95
  • Жобалардың жалпы саны
Толығырақ

ИА «ТАССАЙ»

2016 жылы Шымкент қаласында жалпы ауданы 89 га болатын "Тассай" индустриялық аймағы құрылды, "Тассай" индустриялық аймағында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жалпы саны 35, жобалардың жалпы құны 45,5 млрд.теңге құрайды , 2300-ден астам жұмыс орнынмен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта 17 жоба іске асырылды жалпы құны 27 млрд. теңгеңі құрайды және 1000-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етілді.

2021 жылы жалпы құны 1,2 млрд.теңгеге, 125 жұмыс орнынмен қамтамасыз ететін 3 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда "Тассай" индустриялық аймағы 100% - ға толтырылған.

  • 42
  • Жобалардың жалпы саны
Толығырақ

СЛО «ОҢТҮСТІК»

2015 жылы Шымкент қаласында жалпы ауданы 92 га болатын "Сауда-логистикалық орталығы" құрылды, Сауда-логистикалық орталығында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жалпы саны 6, жобалардың жалпы құны 31,8 млрд.теңгені құрайды, 235-тен астам жұмыс орнынмен қамтамасыз етіледі.

Сауда-логистикалық орталық аумағында кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі мақсатында кедендік ресімдеу орталығы ашылды.

  • 15
  • Жобалардың жалпы саны
Толығырақ

ИА «ЖУЛДЫЗ»

"Жұлдыз" индустриялық аймағының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру инфрақұрылым құрылысы аяқталғаннан және индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушыларының тізбесі қалыптастырылғаннан кейін 2021-2022 жылдар аралығындағы кезеңде жоспарланып отыр.

  • 50
  • Жобалардың жалпы саны
Толығырақ

ИЗ «Бозарық»

2022 жылы Шымкент қаласында жалпы ауданы 132 га жаңа "Бозарық" индустриялық аймағы құрылды

Жаңа жобалардың жалпы саны 6 жобаны құрайды, 694-тен астам жұмыс орнын құрумен инвестиция көлемі 23,5 млрд теңге.

  • 6
  • Жобалардың жалпы саны
Толығырақ

ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ ҚАЛАЙ БОЛУҒА БОЛАДЫ?

ӨТІНІМ БЕРУ

1. Шымкент қаласының индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясынан қажетті құжаттар тізімін алу.


2.Шымкент қаласының индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясына құжаттарды ұсыну (тізімге сәйкес).


3. Басқарушы компания тапсырылған құжаттарды карайды (3 (үш) жұмыс күн ішінде).


4. Басқарушы компания құжаттарды (тізімге сәйкес) Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына жібереді (1 (бір) жұмыс күн ішінде).

КОМИССИЯ

5. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы құжаттарды қарастырады (тізімге сәйкес 5 (бес) жұмыс күн ішінде).


6. Қатысушы "Бизнес Шымкент" Өңірлік Үйлестіру Кеңесінде инвестициялық жобасын таныстырады.

ШАРТ

7. Қатысушы Шымкент қаласының индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясымен «Бизнес Шымкент» Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң шешімінен кейін индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол кояды (10 (Он) жұмыс күн ішінде).


8. Қатысушы Шымкент қаласының индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясымен индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартына қол кояды (жер телімін рәсімдегенен кейін).

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!