- 39-32-71
- kanc.spk@gmail.com
- Дсн-Жм: 09:00-19:00 3D ТУРЫ
Комплаенс қызметінің негізгі миссиясы-ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету.
Комплаенс қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын алу, іскерлік әдеп кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
"Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз өкілеттігін атқарушы органға, Қоғамның лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне есеп береді.
"Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ комплаенс-қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі ішкі нормативтік құжаттармен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер туралы бірыңғай ережемен, сондай-ақ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңымен айқындалады.
"Shymkent" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтуға бағытталған.
Сұрақтар, ескертулер немесе ұсынымдар туындаған жағдайда, егер сіз сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне куә болсаңыз, нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз:
Сенім телефоны - 8 7252 39 33 44