АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2025–2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды қаржыландыруға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды!

 

Кредит беру шарттары:

Кредиттер АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру немесе қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.

  • Несие мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
  • Кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
  • Кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
  • Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды.

 

АӨК саласындағы жобалардың бағыттары:

  • тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
  • етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
  • етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
  • көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
  • қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
  • өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
  • АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
  • құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
  • қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
  • қой фермаларын (5000 бастан бастап);

 

АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;

2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;

3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;

4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

5) кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен көп болмауы;

6) берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.

 

Жобаны іске асыру орны:

Шымкент қаласы

 

Өтінім қабылдау мекенжайы:

Шымкент қаласы, Байдібек би даңғылы, 126/1, «Кайнар» Бизнес орталығы

Байланыс телефоны: +7 (7252) 39 20 22

 

Қосымша ақпарат:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033364

https://www.instagram.com/p/DEbufnSN1rl/?igsh=MWY4dWlhbWtxcGwwbA%3D%3D

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!