"Shymkent ӘКК" АҚ жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды

“Shymkent ӘКК” АҚ жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Данияр Азмұханбетұлы Ахметжанов “Shymkent” ӘКК ” АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Данияр Азмұханбетұлы 1983 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.
Кеден қызметінің инспекторы, бухгалтерлік есеп және аудит, есеп және аудит магистрі мамандықтары бойынша Семей қаржы-экономикалық колледжі мен Семей мемлекеттік университетінің түлегі.
Мемлекеттік қызметке дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2006-2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің орталық аппаратында есеп және аудит, Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қаржылық бақылау әдіснамасы саласында негізгі және басшылық қызметтер атқарды. 2012 жылы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас инспекторы, бақылау іс-шараларын талдау және жоспарлау секторының меңгерушісі. 2010-2011 жылдары, сондай-ақ 2013-2022 жылдары ҚР Президентінің Іс Басқармасында, оның ішінде 2017-2019 жылдары ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016-2020 жылдары “G-Global Халықаралық Хатшылығы” қауымдастығы басшысының қоғамдық кеңесшісі.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Кәсіби бухгалтер, аудитор, мемлекеттік аудитор.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!