GALTEX ” фабрикасының өкілдері “Оңтүстік”АЭА-да болды
- Категории: Жаңалықтар
- Дата: 11 August 2022
Бүгін “GALTEX” Ресей тоқыма фабрикасының өкілдері “Оңтүстік”АЭА-да болды. Сапар аясында қонақтарға “Оңтүстік” АЭА қызметі таныстырылды және Шымкент қаласында “Оңтүстік”АЭА аумағында жылына 12 мың тонна жіп иіру фабрикасының инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Одан әрі қонақтар үшін ЖШС “Alliance “ТПК” , ЖШС “AZALA Textile” , ЖШС “Бал Текстиль” және ЖШС “Azala Cotton” кәсіпорындарының өндірістік алаңдары бойынша таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды.