ҚР Президентінің ҚХР-ға сапары аясында меморандумға қол қойылды

ҚР Президентінің ҚХР-ға сапары аясында меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында өзара бауырластық орнату туралы меморандумға қол қойынған болатын.
Осы мақсатта шілде айының 4-8 аралығында Шымкент қаласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов @isakhov_maksut бастаған делегация құрамында басқарма басшылары, аудан әкімдері мен қалалық мәслихат депутаттары, білім және бизнес өкілдері болды.
Сиань қаласының әкімдігінде жергілікті басқарма басшылықтарымен келіссөздер жүргізілді. Жұмыс кездесуі Сиань мен Шымент қаласының экономикалық дамуының қамтып, алдағы уақытта Шымкент – Сиань әуе рейсін ашу мәселесі қаралды.
Арнайы топ, Партком партия комитетінің төрағасы Фан Хонвэмен және партия өкілдерімен кездескен болатын.
Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралады.

Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шымкент қаласы өкілдерінің іскерлік кездесулерінің нәтижесінде өзара ынтымақтастықтың мынадай тараптарына қол қойылды:

1) “Shymkent ӘКК” АҚ мен Сиань қаласының Сауда-өнеркәсіп палаталары (China Council for the Promotion of International Trade Xi ‘ an Sub-council) арасындағы өзара түсіністік туралы екіжақты Меморандум;

2)” Shymkent ӘКК ” АҚ мен Сиань қаласының экономикалық даму аймағын басқару комитеті арасындағы екіжақты Меморандум.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.

 

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!