Іскерлік қоғамдастық өкілдері мәселелерді талқылады

Шымкентте іскерлік қауымдастық өкілдері отандық бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін Шымкентте YPO Forum Shymkent үшінші бизнес-форумы өтті. Жаңа жағдайда ауқымды бизнесті жүргізуге арналған форум алаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов және Қазақстан бизнесінің беделді өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген қала басшысы бүгінгі Іскерлік кеңестің отандық бизнесті дамытудағы жоғары маңыздылығын атап өтті.

“Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау ел дамуы үшін маңызды міндет екенін атап өтті. Бүгінгі іс-шара экономикалық серіктестіктегі көпжоспарлы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенім білдіремін. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде елімізде оңтайлы бизнес-ахуал қалыптасты. Біздің кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Біз инвесторлар үшін қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Сіздерге Шымкент іскерлік қоғамдастық өкілдерімен серіктестікті нығайтуға әрдайым дайын екендігін хабарлаймыз!”,- деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, әкім Шымкенттің өнеркәсіп көлемінің өсуі Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған сәттен бастап биыл 711,5 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Осы уақыт ішінде қалаға 2,6 трлн теңге инвестиция тартылды, 200-ден астам жаңа кәсіпорын ашылды, құрылған жұмыс орындарының саны 20 мыңнан асты. Шағын және орта бизнес саласында 87 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6% – ға жетті.

Бизнес-форумның модераторы “Centrasia Group” басқарма төрағасы Алмас Құдайберген болды.

YPO (Young Presidents Organization) – әр елде өз бөлімшелері/чаптерлері бар бизнесмендердің жабық халықаралық клубы. Жалпы, әлемде клубтың 25 мың мүшесі бар-олар табысты иелері немесе бизнес менеджерлері. Қазақстанда YPO құрамында 34 кәсіпкер бар. Форумның спикерлері және жас кәсіпкерлердің тәлімгерлері ретінде алты жетекші қазақстандық бизнесмендер сөз сөйлейді.

6436c2ddea8f4e7c3c8e05a01ba8544d.jpeg

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!