“SHYMKENT” ӘКК” АҚ басқарма төрағасы орынбасары болып Жолдасов Ержан Жақсылықұлы тағайындалды
- Категории: Жаңалықтар
- Дата: 24 July 2023
Жолдасов Ержан Жақсылықұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары, 2002 жыл – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан меғмлекеттік университетін аяқтаған.
2005-2007 жылдар аралығында Астана қаласы, ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органында;
2007-2014 жылдары Астана қаласы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінде түрлі қызмет атқарған.
2014-2015 жж. Астана қаласы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Ахуалдық орталығының басшысы;
2015-2018 жж. Қызылорда қаласы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы;
2018-2020 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы;
2020 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының әкімдігінің Басқарма басшысы қызметін атқарған.