Өзбекстандық өнеркәсіпшілер шымкенттің инвестициялық танысты

Өзбекстандық өнеркәсіпшілер шымкенттің инвестициялық танысты

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Өзбекстанның жеңіл өнеркәсіп кешенін бірлесе отырып дамыту мақсатында үкіметаралық келісімдер жасалған болатын.
Осыған орай бүгін Өзбекстан Республикасынан келген арнайы делегация өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек қатысып, көрші елден келген инвесторлар мен бизнес өкілдеріне өзара ынтымақтастықтың тиімді тұстары жайлы айтты.
Сонымен қатар кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалды даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбековте қатысты.
Кездесу барысында Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Сариев қаламыздың инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау мен ұсынылатын жеңілдіктер туралы айтты.
Ерболат Сариев өзбекстандық делегация мүшелеріне Шымкентте 3 индустриалдық аймақ жұмыс істеп тұрғанын, тағы да жаңадан осындай 3 аймақ ашу бойынша жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.

Басқосуда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпті дамыту қоры мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері инвесторларға ұсынылатын қаржылай қолдау тетіктері туралы баяндап өтті.

Айта кетейік, өзбекстандық делегация өкілдері бүгін Шымкент қаласының арнайы экономикалық аймағының жұмысымен және инвесторларға берілетін жеңілдіктермен жан-жақты танысып шығады.

Нәтижесінде бірлескен инвестициялық жобаларыды жүзеге асыру бойынша алдын – ала келісімдер жасалады деп күтілуде.

 

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!