2020 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:
2020 жылы "Shymkent "ӘКК" АҚ (бұдан әрі - қоғам) серіктес-құрылыс салушылармен бірлесіп "Баспана "ИҰ"АҚ берген кредиттік қаражатқа салынған 24 тұрғын үйдің құрылысын аяқтады:
- "New City" ТК (8 үй, 476 пәтер);
- "Асар-2" ТК (10 үй, 300 пәтер);
- "Тұран" ТК (6 үй, 240 пәтер).
Сондай-ақ, өрт сөндірушілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қоғам "Отау Строй" ЖШС-мен бірлесіп,
2019 жылы Водопьянов көшесі, 1а мекен-жайы бойынша өртенген жатақхананың орнына бес қабатты тұрғын үй салды.
Қоғам активтерін пәтер түрінде сату мақсатында, Қоғам жылжымайтын мүлікті сату бөлімін ұйымдастырды.
Сату процестерін жеделдету және клиенттерге ыңғайлы болу үшін банк қызметкерлері, нотариус және бағалау
компаниясы жұмыс істейді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам жалпы сомасы 13,824 млрд.теңгеге 964 пәтер сатты. Оның ішінде:
- Жұмыс істейтін жастарды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және көп балалы отбасыларды жалға берілетін тұрғын үймен
қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының әкімдігіне одан әрі сату үшін жеке құрылыс салушыға 360 пәтер сатылды.
- 42 пәтер қоғамның құрылыс салушы серіктестеріне сатылды, олар өз кезегінде өрт сөндірушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етті.
- 570 отбасы " 7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері.”
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін қоғам 1,577 млрд.теңге сомасына 110 пәтерді сатты.