Агро-индустриялық аймақ

Агро-индустриялық аймақ «Бозарық»

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы №185 қаулысымен жалпы ауданы 136,29 га жер учаскесі бөлінді. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 9,6 млрд.теңгеге 8 жоба тартылды, 393 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаның мақсаты:

Агро-индустриялық аймақ аумағында жылыжай шаруашылығын құру және ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрін өсіру.

Жаңа және сапалы өнімдерге деген қажеттілікті сауда желілері де, тамақтану орындары да сезінеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай жыл бойы табыс алуға мүмкіндік береді. Табыстылығы жоғары, өтелімділігі тез және бұл жылыжай шаруашылығының барлық артықшылықтары емес.

Жобаны іске асыру екі кезекте жүргізіледі:

I-кезек ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды (инфрақұрылымдар: инженерлік желілер, БП, авто жолдар, арқа, БӨП, ұңғыма) және инвесторлар тартылды (2020-2021 ж. ж.) 40,1 га
II КЕЗЕК ЖСҚ (инфрақұрылымдар: инженерлік желілер, БП, авто жолдар, БӨП, ұңғыма) (2021-2022 ж. ж.) 96,19 га

Агро-индустриялық аймақ инвестициялық портфелі

  • 132
  • Жалпы ауданы
    (га)
  • 11,6
  • Инфрақұрылымға бөлінген бюджет қаражаты
    (млрд. теңге)
  • 23,5
  • Жеке инвестициялар
    (млрд. теңге)
  • 6
  • Жобалардың жалпы саны
  • 694
  • Жоспарланған жұмыс орындары
    (адам)
БӨЛІНГЕН 6,9 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ КЕЛЕСІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫ САЛЫНДЫ:

  • 2 км автожол ішкі – 7,9 км.

  • Электрмен жабдықтау 8,8 км ішкі – 8 км.

  • Сумен жабдықтау 15 км
    ішкі-7,8 км.

  • Газбен жабдықтау 10,9 км

  • Кәріз 25,9 км
    ішкі-8,57 км.
Қалай мүше болуға болады
  • 1. "SKYMKENT" ӘКК " АҚ филиалынан қажетті құжаттардың тізбесін алу.
  • 2. Қажетті құжаттар топтамасын "Shymkent "ӘКК"АҚ филиалына келісе отырып ұсыну.
  • 3. "Shymkent" ӘКК " АҚ филиалы "Бизнес Шымкент"өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін Шымкент қаласының индустриялық – инновациялық даму кәсіпкерлік басқармасына қажетті құжаттар пакетін жолдайды.
  • 4. Инвестициялық жобаны өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қорғау
  • 5. "Shymkent "ӘКК"АҚ-мен инвестициялық шартқа қол қою.
  • 6. Агро-индустриялық аймақ аумағындағы "Shymkent "ӘКК" АҚ меншігіндегі жер учаскесімен жер пайдалану (жалдау) шартына қол қою.
Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!