«Shymkent Investment – 2023» өңіраралық инвестициялық форумы

«Shymkent Investment – 2023» өңіраралық инвестициялық форумы

🔹Оңтүстік өңірінің инвестициялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен елшіліктердің, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар арнайы шақырылған.

🔹Инвестициялық тартымдылықты арттыру арқылы өңірдің экономикалық даму қарқынын күшейтетін форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

🔹«Елдің ірі көлік торабы ретіндегі оңтүстік «қақпасы» – Шымкент. Бүгінде қалада түрлі бағытта 700-ден астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерімен экономикалық байланыс орнатқан шекаралық аймақ мәртебесіне ие мегаполистің басым экономикалық секторларына инвестиция тарту үшін барлық жағдайлар жасалған» -деді қала әкімі.

🔹Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы – еліміздің ең ірі өнеркәсіптік аймағы саналады. Өңірде түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға экономикалық және адами ресурстар да жеткілікті. Форум спикерлері мемлекет қолдауы арқылы өңірдің осындай әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды талқылады.

🔹500 адам қатысқан еркін форматта ұйымдастырылған диалог алаңында бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялармен меморандумдар түзілуде.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!