«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» қызметкерлері республикалық ...

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» қызметкерлері республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыбы аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» қызметкерлері республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыбы аясында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Акция аясында ӘКК қызметкерлері Илюкина Раиса Андреевна және Киргизбаев Жузбай тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, ауласына тазалау жұмыстарын жүргізумен қатар гуманитарлық көмек көрсетті.

Илюкина Раиса Андреевна 01 мамыр 1938 жылы дүниеге келген. Транспорттық ұйымда 37 жыл тауартанушы болып жұмыс жасаған. Қазіргі таңда ІІ топ мүгедегі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан аптасына 2 рет тиісті көмек көрсетіліп тұрады.

Киргизбаев Жузбай 20 мамыр 1936 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Оңтүсітік Қазақстан педагогикалық университетінде 66 жыл математика пәнінің профессоры болып жұмыс жасайды.
Сый-құрметке бөленген тыл ардагерлер қызметкерлерге шынайы алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!