Жаңалықтар
2019-11-12

​«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Әбілсейіт Рабаев IX Орталық Азия сауда форумында агроөнеркәсіптік аймақ туралы айтты

Толық ақпарат


Шымкентте IX Орталық Азия сауда форумы өз жұмысын бастады. Бұл жыл сайынғы ең ірі аймақтық сауданы жылжыту форумы. Тоғызыншы ретШымкент қаласы әкімдігі мен USAID-тың қолдауымен өткізіліп жатқан форумға Орталық және Оңтүстік Азиядан, Еуропадан және АҚШ-тан 500-ден астам мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның көшбасшылары аймақтағы жеміс-көкеніс саласындағы инвестициялар мен инновацияларды зерттеу мақсатында жиналды. Сонымен қатар, Форумға АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер және қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

Екі күндік форум аясында қатысушылар «AgriTech 2019» халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесіне, ауылшаруашылық техникаларын, жабдықтарын, жемістер мен көкөністерді өсірудің жаңа технологияларын көрсететін салалық сауда алаңына қатыса алады.

Келесі жылы Шымкент қаласының айналасынд қарқынды бақтар отырғызылады және жылыжайлар салынады. "Shymkent" ӘКК " АҚ ірі жоба – аграрлық индустриялық аймақты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға сәйкес оның алдын ала құны - 300 миллион доллар. Аграрлық-индустриялық аймақта бақша өнімдерін, көкөністерді, жидектерді, жемістерді қайта өңдеу көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы форум Ташкентте өтіп, 27 елден 2000-нан астам қатысушы бас қосты.