1% жеңілдікпен несиелеу

Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін
1% жеңілдікпен несие

2019 жылғы 13 наурызда Шымкент қаласында әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамытудың арнайы іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы шешімі Шымкент қаласы әкімінің № 13-ө өкімі (бұдан әрі – арнайы жоспар) негізінде қабылданды.

Арнайы жоспарға сәйкес 1% жеңілдетілген несие бойыеша банк 8,5% - бен несие береді, "Shymkent" ӘКК" АҚ
несие бойынша 7,5% пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды,
ал кәсіпкер несие бойынша 1,0% пайыздық сыйақы мөлшерлемесін төлейді.

2019 жылдың желтоқсан айында арнайы жоспардың жеңілдетілген 1% несиелендіру қағидалары өзектендірілді:
- шекті сома 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды,
- жастар үшін жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтылды,
- Бизнестің салалық мақсатына қойылатын шектеулер алып тасталды.

Бұл өзгерістер арнайы Жоспарға Шымкент қаласы әкімінің 06.04.2020 Ж. № 39-ө өкімімен енгізілді.

Шарттары
  • Мақсаты: Инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру.
  • Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері (ЖК/ЖШС).
  • 21 жылдан 29 жылға дейін мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын жас кәсіпкерлер.
  • 58 жасқа дейінгі, бизнесінің мемлекеттік тіркеу мерзімі шектеусіз, әйел кәсіпкерлер.
  • Кепілдік несиелеу.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін
жеңілдікпен 1% несие беру тетігі

Кәсіпкер

Кәсіпкер жолдама алу үшін ӘКК Фронт-офисіне жүгінеді

Әкк фронт-офисі

Кәсіпкер ӘКК Фронт-офисінің жолдамасын алып, банкке жүгінеді

Банк

Банк микрокредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, содан кейін құжаттар операторға (“SHYMKENT" ӘКК”) жіберіледі

“SHYMKENT" ӘКК”

“Shymkent " ӘКК” АҚ-ы несие сыйақысының бөлігін субсидиялау туралы шешім қабылдау үшін қатысушының құжаттарын ӨҮК-не жолдайды

Комиссия

ӨҮК субсидиялауды жасау туралы шешім қабылдайды

ШАРТ

Кәсіпкер, Банк және ӘКК арасында субсидиялау туралы шарт жасалады