- 39-32-71
- kanc.spk@gmail.com
- Дсн-Жм: 09:00-19:00 3D ТУРЫ
Басқарма отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №04/20 шешімімен "Shymkent "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ "Шымкент – қайырымды қала" корпоративтік әлеуметтік даму қорын құрды және Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда тіркелді.
Қаланың тұрақты дамуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Басқарма отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №04/20 шешімімен "Shymkent "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ "Шымкент – қайырымды қала" корпоративтік әлеуметтік даму қорын құрды және Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда тіркелді.
• Білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерді (балабақшаларды), мектептерді, кәсіптік техникалық мектептерді/училищелерді салу және/немесе реконструкциялау, оның ішінде жаңғырту;
• Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда: санаторий-курорттық мекемелерді, диагностикалық және оңалту орталықтарын салу және/немесе реконструкциялау, оның ішінде жаңғырту;
• Жобаларды қаржыландыру немесе өзге де жолмен дамуға жәрдемдесу, оның ішінде мәдениет, спорт және әлеуметтік маңызы бар объектілерді салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру арқылы;
• Демеушілік, қайырымдылық қызметті жүзеге асыру;
• Жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкін заң актілеріне сәйкес ақшалай және өзге де нысандарда қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
• құрылтайшыдан түсімдер;
• ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
• заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түсетін түсімдер (кіріс);
• акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
• заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер;