Қала аумағында стационарлық

Қала аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурс өткізіледі.

  • Категории:  Announcement
  • Дата:  28 June 2024

Қала аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанның куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон,   заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті (ақ түсті шатыр өлшемі ені 3 м ұзындғы 4 м);
5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т.б.);
6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.Толық конкурстық құжаттама мен танысу үшін электрондық түрде

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/documents/details/683129?lang=kk

ресми сайтында жарияланған

Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 1-10_шілде аралығы.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Invest Shymkent» фронт-кеңсесі, анықтама үшін телефон: +7 (7252) 39-11-77 және call center 7481.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2024 жылғы 10 шілде сағат 17:30-ға дейін қабылданады.

Your application has been submitted. Thanks!