«ОҢТҮСТІК» АЭА басқарма төрағасы тағайындалды
- Категории: News
- Дата: 18 January 2023
Директорлар кеңесінің бұйрығымен Арғынбаев Нуралы Мухтарұлы «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағына басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Нұралы Мұхтарұлы 1989 жылы қазіргі Түркістан облысы Жетісай ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ҚР Инвестиция және жаңа технологиялар министірлігінің инвестиция комитетінде Арнайы экономикалық аймақтар басқармасының сарапшысынан бастаған.
2014-2017 жылдар аралығында ҚР ИЖТМ Инвеститция бойынша комитетінде арнайы экономикалық аймақтар департаментінің сарапшысы қызметін атқарды;
2017-2018 жылджар аралығында ҚР ИЖТМ Инвеститция бойынша комитетінде арнайы экономикалық аймақтар департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарды;
2018-2019 жылдар аралығында Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында Экспортты және инвестицияларды ынталандыру басқармасының басшысы қызметін атқарды;
2019-2020 жылдар аралығында «Павлодар» ӘКК АҚ Төрағаның инвестициялық кеңесшісі қызметін атқарды;
2020-2021 жылдар аралығында “Shymkent” ӘКК АҚ инвестиция департаментінің директор орынбасары қызметін атқарды ;
2021 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін “Shymkent” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында Шымкент қаласы бойынша филиал директоры қызметін атқарды.