Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін 1% жеңілдікпен несие
2019 жылғы 13 наурызда Шымкент қаласында әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамытудың арнайы іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы шешімі Шымкент қаласы әкімінің № 13-ө өкімі (бұдан әрі – арнайы жоспар) негізінде қабылданды.
Арнайы жоспарға сәйкес 1% жеңілдетілген несие бойыеша банк 7% - бен несие береді, "Shymkent" ӘКК" АҚ несие бойынша 6% пайыздық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды, ал кәсіпкер несие бойынша 1,0% пайыздық сыйақы мөлшерлемесін төлейді.
2019 жылдың желтоқсан айында арнайы жоспардың жеңілдетілген 1% несиелендіру қағидалары өзектендірілді:
- шекті сома 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды,
- жастар үшін жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтылды,
- Бизнестің салалық мақсатына қойылатын шектеулер алып тасталды.
Бұл өзгерістер арнайы Жоспарға Шымкент қаласы әкімінің 06.04.2020 Ж. № 39-ө өкімімен енгізілді.
Шарттары
✓ Мақсаты: Инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру.
✓ Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері (ЖК/ЖШС).
✓ 21 жылдан 35 жылға дейін мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын жас кәсіпкерлер.
✓ 58 жасқа дейінгі, бизнесінің мемлекеттік тіркеу мерзімі шектеусіз, әйел кәсіпкерлер.
✓ Кепілдік несиелеу.
Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін жеңілдікпен 1% несие беру тетігі
Кәсіпкер
Кәсіпкер жолдама алу үшін ӘКК Фронт-офисіне жүгінеді
Әкк фронт-офисі
Кәсіпкер ӘКК Фронт-офисінің жолдамасын алып, банкке жүгінеді
Банк
Банк микрокредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, содан кейін құжаттар операторға (“SHYMKENT" ӘКК”) жіберіледі
“SHYMKENT" ӘКК”
“Shymkent " ӘКК” АҚ-ы несие сыйақысының бөлігін субсидиялау туралы шешім қабылдау үшін қатысушының құжаттарын ӨҮК-не жолдайды
Комиссия
ӨҮК субсидиялауды жасау туралы шешім қабылдайды
ШАРТ
Кәсіпкер, Банк және ӘКК арасында субсидиялау туралы шарт жасалады