Комплаенс қызметі

Комплаенс қызметі

Миссия:

Комплаенс қызметінің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету.

Функциялар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу.
  • Мүдделер қақтығысының алдын алу.
  • Кодекс талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы шаралар қабылдау.

Комплаенс қызметі туралы жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер құрылады. Олардың негізгі міндеті – ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы.

«Shymkent» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі өз өкілеттіктерін атқарушы органнан тәуелсіз жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне есеп береді.

Комплаенс қызметінің қызметі мен ұйымдастырылуы «Shymkent» ӘКК АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Комплаенс қызметінің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің куәсі болсаңыз немесе ұсыныстар мен ескертулеріңіз болса, төменде көрсетілген байланыс нөмірі арқылы бізбен хабарласа аласыз:

Жедел желі телефоны: 8 7252 39 33 44

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!