Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Shymkent “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 16.11.2020-27.11.2020 ж.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:

Ш.Нұрсәт, №131 (22-330-050-121) көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ, ауданы 0,0009 га;
Ш. Нұрсәт, №96 (22-330-050-135) көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ, ауданы 0,0016 га;
Ш. Нұрсат, №121 үйдің жанында (22-330-050-123), ауданы 0,0009 га;
Ш. Нұрсәт, №134 (22-330-050-118) көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ, ауданы 0,0016 га;
Ш. Нұрсәт, №132 (22-330-050-122) көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ, ауданы 0,0016 га;
16 ш / а., №17 (22-329-007-084) көп қабатты тұрғын үйге іргелес аумақ, ауданы 0,0012 га;
16 ш / а,№2 үйдің жанында (22-329-007-088), ауданы 0,0012 га;
Ш. Күншығыс, №24 үйдің жанында (22-329-008-069), ауданы 0,0012 га;
Ш. Күншығыс,”Атлант” аялдамасының жанында (22-329-008-064), ауданы 0,0012 га;
Ш. Күншығыс, “Атлант” аялдамасы (22-329-008-061), ауданы 0,0012 га;
Ш. Күншығыс, №37 үйдің жанында (22-329-008-060), ауданы 0,0016 га;
Матросов көшесі, №23 балабақша аумағы (22-327-064-058), ауданы 0,0061 га;
Гагарин көшесі, аялдаманың жанында (22-327-064-059), ауданы 0,0012 га;
Гагарин көшесі, “Аль Акрам” дүкенінің жанында (22-327-040-025), ауданы 0,0009 га;
Құрманбеков көшесінің бойында (22-327-064-057), ауданы 0,0011 га;
8 ш / а., №8 үйдің жанында (22-327-062-097), ауданы 0,0009 га;
Қазына көшесі, “Самал” дүкенінің жанында (22-327-028-031), ауданы 0,0009 га;
Арғынбеков көшесі, “Аяжан” дүкенінің жанында (22-327-009-207), ауданы 0,0009 га;
18 ш / а., №16 үйдің жанында (22-329-006-116), ауданы 0,0016 га;
18 ш / а., №18 үйдің жанында (22-329-006-117), ауданы 0,0016 га;
11 ш / а., №97 үйдің жанында (22-329-014-076), ауданы 0,0025 га;
Уәлиханов және Шаяхметов көшелерінің қиылысы (22-329-009-070), ауданы 0,0016 га;
12 ш / а., №54 үйдің жанында (22-329-009-069), ауданы 0,0025 га;
12 ш / а., Уалиханов көшесі, 217а үйінің жанында (22-329-009-066), ауданы 0,0025 га;
Ш. Нұрсат, “Жасат” дәріханасының жанында (22-330-050-128), ауданы 0,0009 га.

Жер учаскелерінің орналасуымен ” Shymkent “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ ресми сайтында танысуға болады https://openspk.kz/.

Ескертпе:

1. Кәсіпкер көше саудасы объектісінің (тез тұрғызылатын, күрделі емес құрылыс немесе жеңіл уақытша конструкция) құрылысын өз бетінше жүзеге асырады);

2. Кәсіпкер инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді дербес жүзеге асырады;

3. Кәсіпкер көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектісін коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушілермен дербес шарттар жасасады.

Конкурсқа қатысуға жіберіледі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Шымкент қаласында дара кәсіпкер ретінде тіркелген, кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар;

2) Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2020 жылғы 16 қараша сағат 0900-ден 2020 жылғы 27 қараша сағат 1800-ге дейін) Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 ж., 1-қабат, “Заңғар” бизнес-орталығы) келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) өтініш (өтініш нысанын “Shymkent Invest” Фронт-офисінің қызметкерлері ұсынады»);

2) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның басшысына тағайындау туралы бұйрық та қажет);

3) қызмет түрлерін ашып көрсете отырып, дара кәсіпкер/заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның/анықтаманың көшірмесі;

4) сенімхаттың түпнұсқасы не нотариалды куәландырылған көшірмесі (өкіл жүгінген кезде);

5) өтінім берген сәтте салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;;

6) 1 000 000 (бір миллион) теңгеден кем емес мөлшерде көше саудасы объектісін орнатуға және немесе көрсетілетін қызметтерге және рұқсат беру рәсімдерінен (коммуникацияларға қосылуға) өтуге қажетті ақша қаражатының бар екендігі туралы қызмет көрсетуші банктен анықтама;

7) жобаның Бизнес-жоспары;

8) лицензияланған жобалау ұйымы әзірлеген көше саудасы және қызмет көрсету объектісінің эскизі (эскиздік жобасы) (көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектісінің қасбеттік бөлігінің дизайны) шарт жасалғанға дейін конкурсты ұйымдастырушымен келісіледі);

9) тауар өндіруші мәртебесінің бар екенін куәландыратын құжат (бар болса);

10) франшизаның болуын растайтын құжат (бар болса).

Комиссия отырыстарын өткізу күні сайтта жарияланатын болады https://openspk.kz / “Хабарландырулар” бөлімінде. Сонымен қатар, Instagram-дағы @spk_shymkent ресми парағындағы “1000 сауда нүктесі” жобасы туралы ақпаратты қадағалауыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді қабылдау және кеңес беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304/Г, 1-қабат, “Заңғар” бизнес-орталығы (“Shymkent Invest”Фронт-кеңсесі).

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 16.11.2020-27.11.2020 ж.

Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-11-77, sayat.ualiev@gmail.com

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!