Көтерме-тарату орталықтарын(КТО) құру

Қаламызда көтерме-тарату орталықтар кластері құрылғалы жатыр

ҚР Президенті мен Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмалары аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвесторлармен және бизнесмендермен қалада бөлшек сауда базарлары, үй жанындағы дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, қонақ үйлер желілері және т. б. үшін азық-түлік тауарларының көтерме саудасы ұйымдастырылатын көтерме-тарату орталықтары (КТО) кластерін құру талқыланды. Осы жобаны іске асыру көлік-логистикалық шығындардың азаюына әкеледі, тауарларды тиеу-түсіру кезінде механикалық зақымдану тәуекелдерін және өнімді сақтау кезінде шығындарды азайтады, сондай-ақ азық-түлік тауарларына бағалардың тұрақтануына ықпал етеді және Шымкент қаласының әуежайы үшін қосымша табыс көздерін жасайды.

Сіздің өтінішіңіз жіберілді. Рахмет!